
📌Теректі — жас өнерпаздарды қолдаудан шаршамайды. Күні кеше QАZAQSTAN ұлттық арнасында тұсауы кесілген жоба «Қазақстан дауысы балалар — 2022» республикалық байқауына ауданымыздың жас жұлдыздары Сұлтан, Бейбарыс Ғарифуллиевтер қатысқан болатын.
БҚО атынан шығып, өз өнерлерін көрсеткен жерлестеріміз аз уақыттың ішінде «көрермен көзайымына» айналып үлгерді.
Теректі ауданы әкімі Тілекқабыл Габдушев мәжіліс залында жас таланттарды қабылдады. Қос батырдың ата-анасы Замир-Гүлнара Қабиевтер көпбалалы жанұя. Екі ұлынан бөлек бір қыз бен бір ұлы бар. Төртеуі де өнерден құр алақан емес, көпшіліктің алдында өсіп келеді. Өз өнерін көрсеткен Томирис Замирқызы қылығымен бәрін аузына қаратты.
Балаларын өнерге баулып жүрген ата-анаға аудан әкімі өз алғысын арнайы хатпен жеткізіп, сыйлығын да табыстады.
Сондай-ақ, облыстық мәдениет басқармасының өкілі Олжас Сейтимов арнайы келіп, бүлдіршіндерге алғыс хат ұсынып, әрмен қарай шығармашылық табыс тіледі.