ТЕРЕКТІДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

ТЕРЕКТІДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Мерекеге орай Теректі ауданының әкімі Тілек Габдушев әр салада қызмет етіп жүрген бір топ әйелдер қауымымен жүздесті. Кездесу барысында жүрекжарды лебізін білдірді.

Шарада аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жаңылсын Ғұмырова, аналар кеңесінің төрайымы Аягөз Айтқалиевалар ұйым жұмысын жіпке тізді. Сонымен қатар Нұрзия Сисенбаева ұсынысымен бөлісті.

Шалқар ауылдық округінен келген мәдениет үйі меңгерушісі Болған Ахметова аспапта әсем ән салды.

Теректілік ақын жігіттер Ә.Орынбасаров, А.Әлібекұлы және А.Асқаровтар ана туралы өлеңдерін оқып, гүл шоқтарын табыс етті.

Кеш одан әрі мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған «Алтын тәжді аналар» атты мерекелік концертке ұласты. Салтанатты шарада аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, Жаңаөмір ауылының тұрғыны, көп балалы Әлия Қуаншалиеваны «Күміс алқа» наградасымен және алғыс хатпен марапаттады.

Мерекелік кеш барысында театрландырылған көрініс, «Өркен» балалар вокалды ансамблі, Ш.Елжанова «Жақсы көрем», Е.Мағзом «Іздеу», Г.Құсайнова «Қазақ қызы», әншілер тобының орындауында «Шаттанамын» сынды әндер шырқалып, үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі бимен сүйемелдеді.