Теректі ауданында қоғамдық қабылдау өтті

Теректі ауданында қоғамдық қабылдау өтті

2022 жылдың 03 наурыз күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы БҚО филиалының Теректі ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімінде Google Meet қосымшасы арқылы онлайн қоғамдық қабылдау өтті. Қоғамдық қабылдау жүргізудің алдында өтетін орны мен уақыты  бойынша қызмет алушыларға Теректі ауданының ресми интернет ресурсында хабарландыру жарияланды. Шараға Теректі ауданының экономика және қаржы; кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы; мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар; сәулет, қала құрылысы және құрылыс;  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және жер қатынастары бөлімдері қатысты. Қабылдау барысында 4 қызмет алушыдан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне, экономика және қаржы бөліміне, жер қатынастары бөліміне сұрақ қойылып, жауаптары толықтай берілді.