Құрметті теректіліктер!
Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Биыл рухы асқақ, тұғыры нық мемлекетіміздің 30 жылдық мерейтойы.
Егемендік алғаннан бері бірлік пен татулықтың үлгісіне айналдық. Экономикалық даму қарқыны жоғары ел ретінде әлем мойындайтын деңгейге жеттік .
Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдағы тұрақтылық пен өзара келісім, бейбітшілік пен бірлікті негізге алған саралы саясаты арқасында біз, қазақстандықтар, тарихы тоғысқан халыққа айналдық. Оны отыз ұлттың ортақ мекеніне айналған Теректі жерінен де анық байқауға болады.
Тәуелсіздік алғаннан бергі тарихымызда елімізде халық игілігіне жарар ауқымды жобалар іске асты. Осы жылдар ішінде аудан әлеуеті жыл санап артып, республика бойынша бизнеске қолайлы аумақтың біріне айналды. Ауылішілік инженерлік инфроқұрылымдар жаңартылды. Ауыл шаруашылығы да айтарлықтай дамыды. Он жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда асыл тұқымды мал басы екі есе артты. Егістікте ескі техника орнына заманауи жаңа машиналар келіп, жер емген диқандардың шаруасы оңалды.
Бұл істің қай-қайсының да іске асып, нәтиже беруі сіздердің еселі еңбектеріңіздің жемісі.
Дорогие земляки!
День Независимости Казахстана по праву считается символом свободы и могущества нашего государства.
Мы шагнули в четвертое десятилетие своей Независимости. За 30 лет под мудрым руководством Первого Президента, Елбасы Нурсултана Назарбаева наша Родина прошла путь, равный столетиям, снискала огромный авторитет в современном мире, создала условия для демократического развития общества. Мы с вами провели первые прямые выборы акимов сельских округов, что является положительным фактом в процессе реформирования политической системы. Казахстан ставит перед собой масштабные задачи, решение которых определит вектор развития государства на долгосрочную перспективу. И сегодня подрастает новое поколение, впитавшее дух свободы, успеха и победы, которое своими творческими, интеллектуальными достижениями, добрыми делами прославляет наш Казахстан!
Примите мои искренние поздравления с Днем Независимости Республики Казахстан!
От всей души желаю вам крепкого здоровья, счастья, благополучия, успехов и новых профессиональных достижений на благо нашей республики!
Ардақты ағайын!
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын Тәуелсіздік күні Сізге игілік пен бақыт, ырыс-береке тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Құрметпен, Теректі ауданының әкімі Тілекқабыл ГАБДУШЕВ