
Теректі ауданының әкімі Тілекқабыл Александрұлы аудан жастарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрсауле Нұрланқызы жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Шараны ауданның белсенді жастары ұтымды пікірлерімен, ұсыныстарымен жалғады.
Шараны аудан әкімі қорытындылап, әрдайым жастарды қолдауға әзір екенін, ұсыныстармен жұмыстанатынын жеткізді.