
Аудан басшылығына таяуда тағайындалған Тілекқабыл Александрұлы Габдушев, ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысуды құп көріп, бүгін Шалқар ауылдық округіне ат басын бұрды. Жұмыс сапары барысында ауылдағы нысандарды аралап, жәй-күйіне қанықты. Сонымен қатар округ әкіміне бірқатар тапсырмалар берді. Айталық, «тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, ауылдың тазалығына көңіл бөлуді тілге тиек етті. Ауылдағы кәсіпкерлік саласын дамытуды һәм инвестор тартуды қолға алу қажет екенін де назардан тыс қалдырмады.
Жүздесу аясында ауыл ақсақалдары жаңадан тағайындалған аудан және ауыл әкімдеріне батасын берді.
Недавно назначенный руководителем района Тлеккабыл Александрович Габдушев, желая познакомиться с жизнью сел, сегодня посетил Шалкарский сельский округ. В ходе рабочей поездки осмотрел объекты на селе, ознакомился с состоянием. Также дал ряд поручений акиму округа. "Чистота-начинается с порога", - сказал он, отметив внимание к чистоте села. Не обошли вниманием и то, что необходимо развивать предпринимательскую сферу на селе и привлекать инвесторов.
В рамках встречи аксакалы села благословили вновь назначенных акимов районов и сел.