
2021 жылғы 11-12 қараша аралығында қысқы кезеңде орын алатын төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау мақсатында республикалық «Қыс - 2021» командалық-штабтық оқу жаттығуы өткізілді.
Республикалық жаттығуда БҚО Теректі ауданының азаматттық қорғау қызметтерінің күштері де қатысты. Оқу-жаттығуға ауданның АҚ қызметтерінен барлығы 10 бірлік автотехника және жеке құрамы 37 адам қатысты. Теректі ауданы әкімінің м.а. А. Тугузбаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының отырысы ұйымдастырылып өткізілді.
Аудан аумағындағы тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде орын алатын төтенше жағдайларды жоюға бағытталған 5 практикалық іс-шара өткізілді. Солардың бірі – Теректі аудандық электрожелілер торабындағы төтенше жағдайды жою. Сценарий бойынша «Трансформаторлық электр торабында қысқа тұйықталу салдарынан жану оқиғасы орын алып, соның салдарынан ауданның кей елді-мекендері электр жарығынсыз қалды». Практикалық іс-шараға Орал қаласынан («БҚ ЭЖТК» АҚ) қосымша арнайы техника жұмылдырылды.
Теректі ауданының ТЖ бөлімі