Күзгі балық аулау кезіндегі қауіпсіздік

Күзгі балық аулау кезіндегі қауіпсіздік

Күз - балықшылардың сүйікті жыл мезгілі. Білікті балықшылар күз мезгілінде балық аулағанды жақсы көреді, өйткені бұл уақытта балық аулау оңай емес. Дəл осы кезеңде балық аулаушылардың саны көбейе түседі.

Бірақ, көпшілігі балық аулау кезінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамайды.

Сіздің ең басты жауыңыз - бұл алкогольдік ішімдіктер. Балық аулар алдында ішімдік ішу қауіпті болуы мүмкін. Өйткені мас күйінде қайықты басқару мүмкін емес. Егер мас адам салқын суға түссе оның құтқарылу мүмкіндігі аз болады.

Үйден шығар алдында ауа райына қарап шығыңыз. Телефон қуатын тексеріп алыңыз. Жүрек қан-айналым жүйесімен ауыратын адамдарға дəрілерін ұмытпау қажет. Міндетті түрде жақын адамдарыңызғаа немесе туысқандарыңызға ескертіп, баратын жолыңызды жəне қайту уақытын айтып ескертіңіз. Үстіңіздегі киіміңіз ауа райына сай болсын. Суға шығар алдында қайықтың, ескектің жағдайына назар аударыңыз. Қайықта құтқарушы шеңбері жəне жилет барына жəне суды соруға арналған ыдыстардың бар екеніне көз жеткізіңіз.

Есіңізге сақтаңыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамау кейде қайғылы жағдайларға əкелуі мүмкін!

 

Теректі ауданының ТЖ бөлімі