2021 жылғы 26 қазан сағат 15:00-де, Теректі ауданы Федоровка а. Бойнов көш. 18А №1 кабинет мекенжайы бойынша, Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен ауылішілік жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізілді. Қатысушыларға байқауды өткізу тәртібі түсіндірілді. Конкурс 2021 жылдың 22 қарашасында өтеді.