
2021 жылдың 21 қазан күні сағат 15:00 де Теректі ауданы әкімі аппараты басшысы Еркибаев Мирлан Сагитьяновичтің төрағалығымен, Аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Идрескалиев Сакен Сариевич және Батыс Қазақстан облысы әкім аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Хайруллина Айман Рафиковнаның қатысуымен Подстепное ауылдық округінің Мәдениет үйінде ауданның ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді.
Батыс Қазақстан облысы әкім аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Хайруллина Айман Рафиковна Кездесу барысында Әдеп уәкілінің жұмысы, жүріс-тұрыс, киім-киіс ережелерінің сақталуы мен Әдеп нормалары жан-жақты талқыланып түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырыс барысында анонимді сауалнамалар өткізді.
Аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Идрескалиев Сакен Сариевич Әдеп жөніндегі кеңестің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №26-№28 шешімімен таныстырды.