Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары Жайсан Ахметов біздің ауданымызда болды.
Халық үшін маңызды науқан – ауыл әкімдерін төте сайлау алдында өңірге жұмыс сапарымен шыққан лауазымды тұлғамен бірге Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев келді.
Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов оларға ауыл әкімін сайлауға дайындық үстіндегі Подстепное сайлау округінің сайлау учаскелерін көрсетті.
Сайлау учаскелерін аралап шыққан Ж.Ахметов ауданның саяси-қоғамдық маңызды шараға дайындығына көңілі толып аттанды.
Болат КЕНЖЕҒҰЛОВ,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы