Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды ұсыну және тіркеу үшін ұсынуы тиіс қажетті құжаттардың тізбесі

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды ұсыну және тіркеу үшін ұсынуы тиіс қажетті құжаттардың тізбесі

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-2-бабына,  113-3-бабына,  113-5-бабына, 113-7-баптарына сәйкес, бірлескен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 6 маусымдағы №102 бұйрығымен және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы №4/407 қаулысымен бекітілген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсынуға және тіркеуге қажетті құжаттар.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттардың тізбесі:

  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Арнайы бланкідегі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың қызметтік тізімі;
  • Еңбек кітапшасының көшірмесі;
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмелері қосымшаларымен;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнаулы тексеру жүргізуге қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  • Білімі туралы құжаттардың көшірмелері қосымшаларымен;
  • Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялардың көшірмелері;
  • 3х4 фото – 2 дана;
  • Арнайы бланкідегі анкета;
  • Арнайы бланкідегі өмірбаян;
  • Неке қию (бұзу) куәліктің көшірмесі;
  • Туыстарының (әкесі, анасы, әпкесі, ағасы) қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмелері.
  • Үміткерге және талапта көрсетілген барлық туыстарына ҚР БП ҚСжАЕКБ белгіленген нысандағы талаптар 1,2,3,4,5,6,10,11,12,15-тармақтар толтырылады (ата-аналары мен 18 жастан асқан туыстары, оның ішінде қайтыс болған)*.

 

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеуге қажетті құжаттар.

  1. Саяси партия ұсынған кандидатты қоспағанда, кандидат өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

Кандидатты ұсынған саяси партия ұсынылған әрбір кандидат үшін өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

  1. Тіркелгенге дейін кандидат және оның зайыбы (жұбайы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады.
  2. Саяси партия ұсынған кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

1) саяси партияны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, осы саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы отырысының кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;

2) азаматтың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат болып дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініші;

3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

4) кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;

5) саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

6) адамның саяси партияға мүшелігін растайтын құжат.

  1. Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

1) азаматтың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініші;

2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік сайлаушыларының кандидатты қолдап қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының хаттамасы;

3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

4) кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;

5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат.

  1. Осы Конституциялық заңның 113-3-бабының 6-тармағында көзделген тәртіппен аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ұсынған кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

1) аудан әкімінің ұсынуы;

2) азаматтың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат болып дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініші;

3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

4) кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;

5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат.

 

А.Бисенгалиев,  

Теректі аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары