
Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда.
Әлемді әбігерге салған коронавирус дертімен күрес кезінде де ақ халатты абзал жандар алдыңғы шепте жүрді. Халықтың дәрігерлерге айтар алғысы шексіз!
Уважаемые медицинские работники!
Сегодня Ваш праздник!
У всех медицинских работников и так непростая профессия. Но сейчас она особенно важна и в то же время тяжела. Мир борется с пандемией короновируса, и вы работаете в нечеловеческих условиях, каждый день рискуя своим здрововьем ради жизни другого человека.
Примите самые искренние поздравления и низкий поклон за ваш труд!
Пусть поскорее закончится этот непростой период, а вы из него выйдете, с честью преодолев все трудности и тяготы. Здоровья Вам, удачи и наша благодарность, дорогие медики!
Құрметті медицина қызметкерлері!
Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін медицина қызметкерлері ғана бере алады. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үкілеген үміттер жалғанады.
Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін!
Құрметпен,
Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов