ДОЛИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ДОЛИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

"ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Теректі ауданы әкімінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №130 өкімімен Талғат Бисенғалиұлы МАНАТАУОВ Долин ауылдық округі әкімі болып тағайындалды.

Манатауов Талғат Бисенғалиұлы- 1962 жылы Теректі ауданы, Шағатай ауылында дүниеге келген. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, мамандығы – ауыл шаруашылығын техникаландыру және заңгер.

Еңбек жолын 1984 жылы Ақжайық ауданы «Чапаевский» асылтұқымды зауытында инженер-механик болып бастаған. Осы зауытта 1992 жылға дейін жұмыс жасады.

1992-1998 жылдары - Теректі ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Трактор» пәнінен инструктор.

1998-2010 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында қызмет атқарады.

2011-2014 жылдары- жеке кәсіпкер «Абдрахманов ГС.» күзет қызметінің бастығы.

2014-2017 жылдары- Теректі ауданы Подстепное ауылдық округі әкімінің орынбасары.

2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Теректі ауданы Долин ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келді.