
Бүгін Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов мәдениет және спорт саласы бойынша республикалық додаларда топ жарған жерлестерімізді қабылдады.
Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Лунара Сердалиева жүлдегерлерді жеке-жеке таныстырды.
Аудан басшысының қабылдауында болған теректіліктердің қатарында мамыр айының 16-17 жұлдызында Түркістан қаласында өткен ардагерлер арасында самбодан ҚР чемпионатының қос қола жүлдесін жеңіп алған Әлібек Ақнажимов пен Сұңғат Бекқалиев, «Рухани қазына-2021» республикалық онлайн фестивалінде «Балаларға арналған үздік кітапханалық онлайн жоба-2021» аталымында жеңімпаз атанған Эльзира Болатова және «Бала дауысы» балалар ән байқауының финалдық кезеңіне жолдама алған үлгілі «Өркен» балалар вокалды ансамблінің мүшесі, аудандық саз мектебінің вокал сыныбының оқушысы Санжар Дәукенов бар.
Аудан әкімі БҚО мен Теректінің намысын абыроймен қорғаған жүлдегерлерге алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыс етті.