ҰЖЫМДАСҚАНДАР ҰТЫЛМАЙДЫ

ҰЖЫМДАСҚАНДАР ҰТЫЛМАЙДЫ

Бүгінгі жұмыс сапары барысында аудан әкімі Арман Өтеғұлов бағбандармен де кездесті. Күні кеше ғана "Барбастау фермерлері" ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің құрамына кірген бағбандардың дайындығы қауырт. Кооператив құрамында әзірге 4 шаруашылық, еншісінде 78 га жер бар. Ұйым құрамы 8 шаруа қожалығына көбейіп, жер көлемін кеңейтуді жоспарлап отыр. Мысалы АӨК мүшесі "Дмитриев" ШҚ өткен жылы 5 га жерінен 60 т - қызанақ, 60 т - сәбіз, 50 т - қарбыз, 40 т - орамжапырақ, 6 т - картоп өндірген. Биыл АӨК арқылы жер жыртатын трактор көмегіне қол жеткізбек.

Ал, Владимир Миронов жетекшілік ететін "Миронов" ШҚ 50 га жерге көкөніс және бақша дақылдарын өсіруді жоспарлап отыр. Жылыжайларын көшетпен жайқалтып қойған шаруаның көңілі көтеріңкі. Болашағына да нық сеніммен қарайды.

Ауыл шаруашылық өндірістік кооператив құрудың басты мақсаты бақша дақылдарын өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының тауарын тікелей сөреге жеткізіп, нарықтық құнымен сатуға қолдау көрсету. Болашақта көкөніс сақтау базасын жабдықтау арқылы, қайта өңдеу және жартылай фабрикаттар өндіру де жоспарларында бар.