ИЕСІН ТАПҚАН МАРАПАТ

ИЕСІН ТАПҚАН МАРАПАТ

Бүгін "Қайырымдылық керуені"  республикалық конкурсы аясында "Теректі" қожалығының басшысы,  Теректі аудандық мәслихатының депутаты Сержан Идиятов арнайы Алғыс хатқа ие болды.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаеваның қолы қойылған марапатты Теректі ауданы әкімі Арман Өтеғұлов табыс етті. 

Айта кету керек,  "Қайырымдылық керуені"  байқауы Н.Назарбаев қоры,  Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, сондай-ақ "Хабар агенттігі"  АҚ, "КТК"  республикалық телеарнасы және Алматы қаласының әкімдігі қолдауымен жүзеге асуда.  Байқаудың мақсаты-қайырымдылық пен белсенді азаматтық  бастаманы насихаттау.  Аталмыш байқау мейірімділік, қамқорлық және гуманизм секілді адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Әділет ЗЕРЕ