
Жиында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ БҚО филиалының директоры Ербол Иденов, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ БҚО филиалы директорының орынбасары Дамир Ақынбеков, "БатысФинанс" шағын несие ұйымының директоры Руслан Бурпиев, "ҚазАгроҚаржы" АҚ БҚО филиалының өкілдері сөз алып, ауыл шаруашылығы саласындағы несиелендіру туралы кеңінен әңгіме өрбітті. Онлайн форматта өрбіген кеңеске ауданымыздағы қожалық басшыларынан бөлек, округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.