ЕКІЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ЕКІЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Кооперативтердің жұмыстарын жаңғырту бойынша ауданымызда бірқатар іс-шаралар жасалуда. Солардың бірі – алынған өнімдерді тікелей тұтынушыларға жеткізу болып табылады. Аталмыш шараны ұйымдастыру мақсатында теректілік өнімдерді «Алқаптан сөреге дейін» жобасы аясында «Барбастау фермерлері» облыс орталығындағы ЖОО тікелей жеткізу бойынша келіссөз жүргізілген болатын.

Осы орайда, бүгін Теректі ауданының әкімі А.Өтеғұлов пен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университетінің ректоры А.Баяхов екіжақты меморандумға қол қойды.

Меморандум мақсаты - табиғи өнімдерді тауар өндірушілерден делдалсыз, тікелей тұтынушыға ұсыну. Алдағы уақытта аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.