
Өткен жыл біздің аудан үшін белсенді де, жемісті болды. Жүргізілген жұмыстар «Қазақстан – 2050» Стратегиясында, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламаларда белгіленген міндеттерді шешуге бағытталған.
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ
2020 жылы аудан бюджетінің кіріс бөлігі 14 902,8 млн. теңге, оның ішінде өз кірісіміз 1 447,3 млн. теңге.
Өз кірістердің негізгі көзі салық түсімдер болып табылады, жоспарда 1 377,7 млн.теңге болса, түскен кірістері 1 454,4 млн.теңге немесе 105,6%.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Негізгі капиталға инвестициялар 10 903,5 млн. теңге (2019 ж. – 9885,3 млн. теңге) құрады немесе 2019 жылдың тиісті кезең деңгейіне 110%. Оның ішінде 3668,3 млн.теңге кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаты есебінен, бюджет қаражаты – 6070,8 млн.тенге. Банктердің кредиттері және басқа да қарыз қаражаты – 1164,4 млн.теңге.
Тұрғын үй салуға инвестиция көлемі 4743,5 млн.теңге құрады, немесе 1,3 есе көбейді, 20552 ш.м. тұрғын үй енгізілді, бұл 2019 жылдың осы деңгейіне 101% құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 20785,7 млн.теңгені (өсімдік шаруашылығы - 9362,8, мал шаруашылығы- 11377,0 млн.теңге, қызмет көрсету- 45,9 млн.теңге) құрады, өткен жылы өндірілген ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемімен салыстырғанда 100,7% (2020 жылы 17793,5 млн.теңге, с.і. өсімдік шаруашылығы - 8056 млн.теңге, мал шаруашылығы- 9684,3 млн.теңге, қызмет көрсету- 53,2 млн.теңге).
6412,6 тонна ет өндірілді немесе 2019 жылдың осы деңгейіне 100%, сүт – 30 183,3 тонна (100%), жұмыртқа – 5 699 дана (100%).
2020 жылдың 1 қаңтарына мүйізді ірі қара мал саны 47 653 бас, немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 106% құрады, соның ішінде сиыр – 21539 бас (110%), қой – 5498 бас (100%), ешкі – 8 690 бас (105%), жылқы – 13485 бас (115%), шошқа – 1713 бас (79%), құс – 47508 бас (100%).
Асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылықтар:
Ауданда асыл тұқымды ірі қара малын өсіруші 25 шаруашылық болса соның ішінде 22 шаруашылық етті бағыттағы (18 ШҚ қазақбас тұқымды, 2 ШҚ герефорд тұқымды, 2 ШҚ ангус тұқымды) мал өсіруші шаруашылықтар. 3 шаруашылық сүтті бағыттағы (1 ШҚ голштинофриз, 2 ШҚ симментал тұқымдас) мал өсірумен айналысады.
2020 жылдың 1 қаңтарына шаруашылықтарда 8195 бас асыл тұқымды ірі қара (қазақтын ақбас тұқымы – 6035 бас, герефорд тұқымы– 547 бас, ангус тұқымы – 596 бас, сүтті бағыттағы 787 және сүт және ет бағыттағы- 230 бас.) 2 шаруашылықта 451 бас асыл тұқымды Көшім тұқымдас жылқы және 10 шаруашылықта 392 бас Еділбай тұқымды аналық қойлар және қошқарлар тіркелген (260 бас саулық және 132 бас қошқар).
Сатып алынған жаңа техникалар:
2020 жыл бойы 39 жаңа техника сатып алынды, с.і. 27 трактор, 6 комбайн, 4 трактор тіркемесі,1 жол-құрылыс техникасы, 1 егістік кешені.
Каналдарды калпына келтіру:
Қыркүйек айында ауданның оңтүстік бөлігіндегі 5 ауылдық округі аумағын қамтитын ұзындығы 57 км құрайтын Жайық-Шалқар, Қарабас каналына су шығару үшін каналдың бойы тазартылып, биіктетіліп, бекіту жұмыстары атқарылды.
Жайық өзеніне қалқымалы су айдайтын насос орнатылып, канал бойымен қараша айына дейін 2,9 млн текше метр шамасында су жіберілді. Бұл өз кезегінде болашақта канал бойында орналасқан шаруашылықтармен жеке тұрғындардың мал басын сумен қамтамасыз ету және канал бойындағы суармалы жерлерді қалпына келтіре отырып, мал азықтық дақылдар көпжылдық екпе шөптер және бау-бақша егуге мүмкіндіктер туғызары анық. Су шығару жұмыстары көктем айында жалғасын табады.
Су канал бойымен (Ақжайық а/о аумағында 13 км) 31 км қашықтыққа жайылды. Каналдың ұзындығы – 57 км
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ
Теректі ауданы бойынша 2020 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жүргізілген мониторинг (тексеру) жұмыстары нәтижесінде 51,1 мың гектар пайдаланылмайтын жер учаскелері анықталды. Анықталған пайдаланылмай жатқан жерлердің ішінен 10,4 мың гектар мемлекеттік меншікке қайтарылып 1,2 мың гектар жер учаскесі айналымға енгізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде көлемі 17,6 мың гектар құрайтын жер учаскелерінің жер пайдаланушылары жерлерін қайта игеруге кірісті.
Пайдаланылмай отырған шаруа қожалықтарға тексеріс ашу мақсатында мемлекеттік инспекторға жалпы көлемі 23,1 гектар жер учаскелері жолданылды.
ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 "ҚР барумен тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге мораторий енгізу туралы" Жарлығына сәйкес тексеру уақытша тоқтатылды.
2020 жылғы есеп бойынша 11 313 гектар 18 жер учаскелері мемлекеттік қорға қайтарылды.
2020 жылы ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс негізінде беру бойынша 5 конкурс өтіп, жалпы көлемі 35938 га (оның ішінде егістік 20683 га, жайылым 14620 га, шабындық 635 га) жер учаскесі ұсынылды. 2020 жылы коммерциялық жерлерге жалпы көлемі 13,48 га болатын 5 аукцион өткізілді, нәтижесінде бюджетке 20 735 986 теңге түсті.
КӘСІПКЕРЛІК
2020 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша ауданда 1500 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңіне 105%.
Шағын кәсіпкерлік саласында 5184 адам жұмыс істейді, бұл 2019 жылдың осы деңгейіне 103% құрады.
Халық сұранысы бойынша инвестор есебінен жеке кәсіпкер «Алишер» - Жаңа Өмір ауылында 100 орындық балабақша және жеке кәсіпкер «Ақбазар» -Жаңа Өмір ауылында 30 адамға арналған қоғамдық монша және шаштараз ғимараттың ішкі құрылыс жұмыстарын аяқтады.
Жоспарланған ірі инвестициялық жобалар:
«RINGO-MILK» ЖШС-нің – Подстепный ауылдық округі Юбилейный ауылында 640 бас сүтті бағыттағы ірі қара мал ұстауға арналған және тәулігіне 25 тоннаға дейін сүт өндіретін, тауарлы сүт фермасының құрылысын салу. Инвестиция көлемі өз қаражаты есебінен – 3,9 млрд.теңге. Жұмыс орындары құрылыс мерзімінде – 150 адамды құраса, жоба іске асырылғаннан кейін – 39 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жобаны іске асыру мерзімі 2019-2023 жылдар.
Жобаның қуаттылығы жылына 5,4 мың тоннаға дейін сүт, 300 тонна дайын сүт өнімдерін өндіру, 8 мың тонна – суармалы жерлерде азықтық жем дайындауға жоспарланған.
2020 жылы 1000 га суармалы жерді суландыру мақсатында қондырғылар тартылып, су сору насосы қойылды.
Жобаның әлеуметтік - экономикалық тиімділігі - өңір тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, жергілікті сүт зауыттарын сапалы және қажетті шикізат көлемімен қамтамасыз ету.
ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР
Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау бойынша жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 407 отбасына (2044 адам) тағайындалды. Оларға 2020 жылы 129,7 млн. теңге қаражат төленді.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен аз қамтылған азаматтардың кейбір санаттарына төленетін біржолғы материалдық көмекке 1752 аз қамтылған азамат құжат тапсырып, 2020 жылы оларға 61,2 млн. теңге қаржылай көмек көрсетілді.
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға аз қамтылған көп балалы отбасылары мен жастардың қатарынан 138 адам 76,1 млн. теңге көлемінде мемлекеттік гранттарға ие болды (мал сатып алу, тігін цехын ашу, кондитерлік өнім шығару, жүн өнімдерін қайта өңдеу, оқыту кабинеттерін ашу және т.б.).
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес өткен жылы жеке оңалту бағдарламасы бойынша 84 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен, протез-ортопедиялық 36 мүгедек, сурдо-техниқалық құралдарымен 5 мүгедек, тифло-техниқалық құралдарымен 11 мүгедек, кресло арба – 16 мугедек,арнаулы жүріп-тұру құралдармен 5 мүгедек бала, санаторлық курорттық емделу – 52 мүгедек, 83 мүгедек жеке көмекші және 8 мүгедек ымдау тілі маманның қызметін алуда. Мүгедектерге арналған инватакси арқылы 30 мүгедек қызмет алуда.
БІЛІМ БЕРУ
Есепті жылда білім беру саласын дамытуға жергілікті бюджеттен 5 млрд. 280 млн. теңге бөлінді. Бірінші кезекте бұл қаржы мектептерді педагогтардың еңбекақысы, оқушыларды қашықтан оқытуға қажетті құрал- жабдықтармен, оқулықтармен және әдістемелік оқу құралдарымен қамту үшін жұмсалды.
Қазақстан Республикасы бойынша жарияланған пандемияға байланысты 37 білім беру ұйымдарының 6 қашықтан, 31 штаттық режимде оқуды жүргізіп отыр. Қазіргі уақытта 1494 оқушы қашықтан білім алса, 4780 оқушы штаттық режимде оқып отыр.
2020-2021 оқу жылының басынан оқу процессі «Онлайнмектеп» платформасы арқылы жүзеге асырып жатыр. Аудан бойынша 40 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, оның ішінде 11 бөбекжай, 5 жеке балабақша, 24 шағын орталық, мұндағы балалардың жалпы саны –1677. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту ауданда 78%-ды құрайды, 3 тен 6- жасқа дейінгі балаларды қамту 100% құрап отыр.
2020 жылдың наурыз айында "Алишер" ЖК Жаңа Өмір ауылында 100 орындық "Алмажан +" жекеменшік балабақшасын пайдалануға берді.
Өткен жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының шеңберінде Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі (231 млн 990 мың теңге) және Долинный ауылында орналасқан Чапаев ЖОББМ (198 млн 836 мың тенге) күрделі жөндеуден өткізілді.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауданымызда 2 аудандық аурухана бар. Пандемия кезінде14 дәрігер, 54 орта медицина қызметкері жұмылдырылды.
Медициналық жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандармен алдын ала жасалған келісімдер бойынша 2020 жылы ауданға 3 маман дәрігер (1 - Ақжайық, 1 - Подстепное, 1 - Ақсуат) келді.
Өткен жылы короновирус инфекциясымен 519 адам тіркелді.
ЖАСТАР САЯСАТЫ
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланды.
Жалпы аудан бойынша 174 волонтер қызмет етті. Облысымызда volunteer07.kz сайты қызметін бастаған болатын, аталмыш сайтқа ауданымыздан 725 адам, 57 мекеме тіркеліп, жұмыстануда..
Бүгінгі күні 7527 жастардың 184-і (2,3%) жұмыссыз. 363 жас жұмыспен қамтылған (жұмыспен қамту орталығы бойынша -157, жастар практикасы бойынша - 116 жас, қысқа мерзімді кәсіби білім алуға -15, «Бастау-Бизнес» бойынша - 75).
«Дипломен ауылға» бағдарламасы аясында 140 жас 37,114 млн. тенге көлеміндежәрдемақы алды және 64 жас мамандар тұрғын үй алу мақсатында 258,5 млн. тенге көлемінде несие алды.
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
2020 жылға тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 20530 ш. м. болса, 12 айдың қорытындысы бойынша 20 552 ш. м. құрады (101%).
2020 жылы Тоқпай ауылында жалпы ауданы 25000 ш.м. (240 пәтер, ауданы 1 пәтер-104,2 ш. м.) қырық 3 қабатты 6 пәтерлі тұрғын үйдің (240 пәтер) құрылысы бойынша 2 жобаны іске асыру басталды.
2 нысанның құрылысы бойынша шарттың жалпы сомасы 3 584 млн. теңгені құрайды, 2020 жылға 2 885,2 млн. теңге бөлінді, 2 443,1 млн. тенге (85,7%), оның ішінде:
1. БҚО Теректі ауданы Подстепное а/о Тоқпай ауылында 3 қабатты жиырма 6 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы (абаттандыру және сыртқы желілерсіз) – 1 787,2 млн. теңге бөлінді, 1 582,1 млн. тенге игерілді (90,4 %);
2. БҚО Теректі ауданы, Подстепный ауылдық округі, Тоқпай ауылындағы Орал-Ақсай трассасының бойындағы 3 қабатты жиырма 6 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы (абаттандыру және сыртқы желілерсіз) – 1 098 млн.теңге бөлінді, 861,0 млн. теңге игерілді (78,4%).
Сонымен қатар, бүгінгі таңда ауылдық елді мекендерде 3 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы бойынша 8 жобаға жобалық – сметалық құжаттама әзірленді және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған (Федоровка -3 үй, Подстепное -2 үй, Жаңа Өмір - 2 үй, Ақжайық – 1 үй) жалпы сомасы 2 422 млн. теңге.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің 8 жобасының 6 жобасы 2021-2022ж. алдын ала қолдау тапты. Аталған нысандардың құрылысына 885 025,0 млн .теңге көлемінде қаражат бөлінді, 2022 жылы 7543,68 м2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.
СУМЕН ҚАМТУ
2020 жылы Богдановка және Приречный ауылдарында жалпы сомасы 384,5 млн. теңгеге 2 сумен жабдықтау объектісі аяқталды және пайдалануға берілді.
Бүгінгі күні 21 ауылдық елді мекен (49 АЕМ-нен) немесе 33,2 мың адам тұратын елді мекендердің жалпы санының 42,8% - ын немесе жалпы халық санының 86,8% құрайды.
2021 жылы Подстепное, Пойма, Үлкен Еңбек, Кемер ауылдарында жалпы сметалық құны-3 039 млн. теңге су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 4 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Сондай-ақ, Абай және Магистральное ауылдарының сумен жабдықтау жобалары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жалпы сметалық құны 677,2 млн. теңге.
Талпын және Барбастау ауылдық елді мекенін сумен жабдықтау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде болжамды жалпы құны 813 млн. теңге.
Жоғарыда көрсетілген 8 жоба іске асырылған жағдайда ауданның орталықтандырылған сумен жабдықтау көрсеткіші 91% - ға дейін артады.
ЖОЛДАР
Өткен жылы аудан орталығында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде ауылішілік 5 көшеге күрделі жөндеу жүргізіліп, жаяу жүргінішілер жолы салынды (Федоровка ауылы, Рабочая және Молодежная көшесі, Ақжайық ауылы Ақжайық көшесі, Подстепное ауылы Төлеби және Абылай хан көшелері көшелері, жалпы ұзындығы – 21,5 км).
Сондай-ақ, Новопавловка ауылына кірме жолы орта жөндеуден өтті.
20 жолды жөндеуге жобалық сметалық құжаттама жасқталды. Соның ішінде 7 жоба ауылға кіреберіс жолдарды күрделі жөндеу.
2020 жылы атқарылған жұмыстар мен биыл жүзеге асырылатын жобалар туралы толық ақпарат 9 ақпан күні «Aqjaiyq» телеарнасы және барлық әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде өтетін аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есебінде жария етіледі.