
Құрметті теректіліктер!
Баршаңызды еліміздің ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Экономикалық дамуда, халықтың әл-ауқатын көтеруде үлкен жетістіктерге жеткен Қазақстан бүгінде әлемдік деңгейде беделге ие. Қоғамдағы тұрақтылық пен өзара келісім, бейбітшілік пен бірлікті негізге алған саясат арқасында біз, қазақстандықтар, тарихы тоғысқан халыққа айналдық. Ынтымақ пен бірлік салтанат құрған елде, тату-тәтті ғұмыр кешудеміз. Оны отыз ұлттың мекені болған Теректі жерінен анық көріп отырмыз.
Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімізді тізбелесек, айтып тауыса алмасымыз анық. Біздің ауданда тек осы 2020 жылдың ішінде халық игілігіне жарар ауқымды жобалар іске асты. Өткен жылы бастаған ауылдарға спорт алаңын салуды жалғастырдық. Долинное, Ақсуат ауылдарында мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Абай ауылында мәдениет ошағы жаңарту үстінде. Приречное, Богдановка ауылдарына таза су мен көгілдір отын қатар келді.
Бұл істің қай-қайсының да іске асып, нәтиже беруі сіздердің сіздердің еселі еңбектеріңіздің жемісі.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Дорогие земляки!
На третьем десятилетии своей Независимости Казахстан ставит перед собой масштабные задачи, решение которых определит вектор развития государства на долгосрочную перспективу. Наша Родина прошла путь, равный столетиям, снискала огромный авторитет в современном мире, создала условия для демократического развития общества. И сегодня подрастает новое поколение, впитавшее дух свободы, успеха и победы, которое своими творческими, интеллектуальными достижениями, добрыми делами прославляет наш Казахстан!
Примите мои искренние поздравления с Днем Независимости Республики Казахстан!
Этот праздник по праву считается символом свободы и могущества нашего государства.
От всей души желаю вам крепкого здоровья, счастья, благополучия, успехов и новых профессиональных достижений на благо нашей республики!
Ардақты ағайын!
Бүгінгі Қазақстан – кемелденген, қуатты мемлекет!
Егемен еліміздің көк байрағы биікте желбіреп, абыройы мен атақ-даңқы арта берсін! Ел өркендеуі жолында атқарып жүрген еңбектеріңізге толағай табыс, баршаңызға баянды бақыт, құт-береке тілеймін.
Құрметпен, Теректі ауданының әкімі Арман ӨТЕҒҰЛОВ