Көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау

Көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау

Көпбалалы отбасы атандыңыз ба? Онда ең алдымен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны рәсімдеуге асығыңыз. Ал біз, бүгінгі парақшамыздың #oqy&toqy айдарында, жәрдемақыны рәсімдеудің жолын көрсететін боламыз. Аталмыш жәрдемақы тек ХҚО арқылы рәсімделеді☝Тұрғылықты мекенжайыңызға қарасты ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз; Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз; 📌Операторға төмендегі құжаттарды өткізу арқылы жәрдемақыға өтініш жазыңыз: Жеке куәлік; Балалардың құжаттары; Банктік есепшот жөніндегі анықтама. ☝Ескерту, 18 жасқа толған балалары бар отбасыларға жәрдемақы, бала жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып жатса және ол 23 жасқа толғанша оқуынан анықтама өткізсе ғана төленеді. Төлем мөлшері: 4 бала үшін - 16,03 АЕК (44 531 тг); 5бала үшін – 20,04 АЕК (55 671 тг); 6бала үшін – 24,05 АЕК (66 810 тг); 7немесе одан да көп бала үшін - 28,06 АЕК (77 950 тг). Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 8 жұмыс күні.