
Теректі ауданы əкiмiнiң ɵкiмiмен құрылған мониторингтiк топ мүшелерi мектептердегi санитарлық талаптардың сақталуын тексердi.
Ауданымыздағы Аңқаты, Онашев, Шалқар, Таран, Талпын, Х.Есенжанов атындағы мектептер мен "Ɵркен", "Балдырған" бɵбекжайларындағы коронавирус iндетiнiң алдын алу бойынша эпидемияға қарсы шаралардың тиісті деңгейде орындалуы қадағаланды.
Тексерiс барысында мектеп оқушылары мен қызметкерлерінің дене қызуының өлшенуі, дәліз, оқу кабинеттерін ылғалды тазалау, кварцтау кестесінің орындалуы, қол жуатын жерлерде сусабын, қағаз, электр сүлгінің болуы, оқушылар мен мектеп ұжымының бетперде режимін сақтауы, антисептик, дезинфекциялық жабдықтың болуы т.с.с. қаралды.
Барлық білім беру ұйымдарында санитарлық талаптар тиісті деңгейде сақталған. Кемшiлiктер анықталмады.