
1-3 қазан аралығында «Nur Otan» партиясының мүшелері партия праймеризінің үздік қатысушыларына дауыс беруде.
Бүгін мәдениет үйінде орналасқан №131 сайлау учаскесінде Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов және құрметті азаматтар, халық қалаулылары өз таңдауларын жасады.
- Аудан бойынша барлық партия мүшелерінің саны – 1759. Дәл қазіргі уақытта 1504 адам (86%) дауыс беріп үлгерді. 16 бастауыш партия ұйымының 14-і онлайн режимде Primaries.kz сайтында, мобильді қосымша, сайлау учаскелеріндегі онлайн кабиналарда, 2-еуі дәстүрлі түрде бюллетеньдер арқылы дауыс беруде, - деді «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мирхат Ибраев.
Бәрімізге белгілі, партиялықтар мен жалпы жұртшылықтың партияішілік сайлауға жоғары қызығушылығы бір мезгілде сайтқа жүгіну санын едәуір арттырды. Соның салдарынан дауыс берудің алғашқы сағаттарында сайтқа қол жетімділік пен тіркелу бойынша уақытша қиындықтар туындай бастады. Техникалық жүктемелердің салдарынан партияның көптеген мүшелері дауыс бере алмағандықтан, орталық ұйымдастыру комитетінің хаттамалық шешімімен Республикалық күнтізбелік жоспарға өзгерістер енгізілді. Веб-сайт және мобильді қосымша арқылы дауыс беру мерзімін тура бір тәулікке, яғни 2020 жылдың 4 қазан күні сағат 14:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.