
Ардақты ұстаздар қауымы!
Біз бәріміз де саналы қоғамдық өмірімізді мектеп қабырғасынан, ұстаз алдынан бастадық. Сондықтан, ұстаздар мерекесі – ортақ мереке.
Бар күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін бала санасына білім толтыруға арнаған ұстаздар, Сіздердің еңбегіңізді бағалау да, жай сөзбен жеткізу де мүмкін емес.
Көңілі даладай дархан, төзімі болаттай, өз ісіне берілген ұстаздар, Сіздердің еңбегіңізді жоғары бағалап, алғысымды айтамын.
Сіздердің тынымсыз күндеріңіз босқа кетіп жатырған жоқ. Қазақстанның өркендеуіне үлес қосқан әр адам, әр маман ұстаз алдынан шыққан шәкірт.
Ұстаздар!
Әр күніңіз қуанышты оқиғалар мен жетістіктерге толсын.
Сізге мықты денсаулық, қиын да қажетті жұмысыңызда сәттілік, өз басыңызға жақсылық тілеймін.
Жетістіктерімен мақтанар шәкірттеріңіз көп болсын. Отбасында бақыт пен жылу қонсын!
Дорогие учителя!
Поздравляю Вас с Днем учителя!
Учитель — гордое звание, которое по жизни несут только самые
заслуженные и достойные! А Вы – одна из них. Ваша профессия сочетает в себе мудрость и молодость души, доброту и строгость!
Высоко ценю в Вас щедрость, терпение, понимание, преданность делу и любовь к своим ученикам!
Мы, со своей стороны, стараемся вас поддержать в Вашем нелегком труде.
Мы и дальше, и больше будем работать над тем, чтобы Вы, дорогие учителя, могли спокойно и уверенно заниматся своим любимым делом – сеять вечное и доброе в юных душах.
Пусть Ваши ученики будут усердными, старательными — такими, которыми можно гордиться. А в семье – всегда царят счастье и уют. Здоровья Вам, любви, достатка и всех
жизненных благ!
Теректі ауданының әкімі Арман ӨТЕҒҰЛОВ