Аудандағы мәдени бағыттағы нысандардың тұрғындармен офлайн жұмыс жасауға дайындығын аудандық мониторинг тобы қарап шықты.

Аудандағы мәдени бағыттағы нысандардың тұрғындармен офлайн жұмыс жасауға дайындығын аудандық мониторинг тобы қарап шықты.

Әлемдік пандемияға байланысты жарияланған шектеу шаралары шеңберінде көпшілік көңіл көтеру орындарын, мәдени нысандардың жұмысы тоқтатылған болатын.

Наурыз айынан бері онлайн концерт, онлайн конференция, семинарларға үйреніп қалдық. Көпшілік бір жерге жиналмай, ондай шараларға қашықтан қатысып жүр. Дегенмен, мұражай, галерея-көрмелерге барып, көзбен көргенге не жетсін.

Жеті ай бойы мәдени-көпшілік шараларды онлайн көріп, «қашан кітапханаға, мәдениет үйіне барар екенбіз» деп жүрген жұртшылық үшін жақсы хабар бар.

Кезең-кезеңмен ашылып жатқан нысандар қатарында Мәдениет үйлері, кітапханаларға санитарлық тәртіпті қатаң сақтай отырып, көпшілік шаралар өткізуге рұқсат беріледі екен.

Аудандағы мәдени бағыттағы нысандардың тұрғындармен офлайн жұмыс жасауға дайындығын аудандық мониторинг тобы қарап шықты.

Бір күннің ішінде аудандық мәдениет үйі, кітапхана, дене шынықтыру кешені, Достық үйіне барған мониторинг тобы бұл нысандардың санитарлық талаптарды сақтауға дайын екендігіне көз жеткізді.