
Республикалық бюджет есебінен алынуы жоспарланған компьютерлік құрылғылардың кезекті бөлігі ауданымызға жеткізілді.
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында осал топтағы отбасылардың оқушыларына уақытша пайдалануға беру үшін ҚР Үкіметі резервінен 14790 дана компьютерлік техника алынатыны айтылған болатын.
Бюджеттен бɵлiнген қаражатқа алынған 500 дана ноутбук Теректі ауданына әкелінді.
Аудандық білім беру бөлімі және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері техникалық құрылғыларды тексеріп, мектептерге таратты.
Атап айтсақ, 15 қыркүйекте Шаған, Госплемстанция, Подстепный қазақ, Подстепный №1 мектептері, 16 қыркүйекте Федоровка қазақ, Федоровка №1, Чапаев, Ақсуат жалпы орта білім беретін мектептерінің шәкірттеріне компьютерлер таратылды.