
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы IX бағыты Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі. Ақпараттық технологиялар саласы мен ұлттық бизнес ынтымақтастығының болашағы зор деген болатын.
«Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі мемлекеттік қызметшілер туралы деректер базасы болып табылады және бизнес-процестерді кеңінен автоматтандыруды, ақпараттық жүйелерді интеграциялауды қамтамасыз етеді. Бұл жүйе әрбір мемлекеттік қызметшіге еңбек тиімділігін арттыруға, кадрлық іс жүргізу жұмыстарын және қағаздағы құжат айналымын қысқартуға мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысының барлық мемлекеттік органдары «Е-қызмет» жүйесіне қосылған.
Аудандық мемлекеттік органдардағы жаңадан және қайтадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бас маманы Д. Молдагалиев «Е-қызмет» жүйесі туралы «ZOOM» платформасы арқылы онлайн режимінде түсінік жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барасында жүйенің маңыздылығы мен ерекшелігін атап өтіп, «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін пайдалану, жұмыс өнімділігін арттыру, ақпаратты алу мен жаңарту кезіндегі уақыт және еңбек шығындарын азайту мақсатында әдістемелік көрсетілді. Аталған шара барысында, қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.
Іс-шара 4 бөлімді құрады: