Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2022 жылғы 14 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Шағатай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Теректі ауданы бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды, 3-еуі өзін-өзі ұсынғандар, 1-еуін «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық филиалы ұсынды.
Ағымдағы жылғы 14 қыркүйектегі сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (75%), 1 кандидатты тіркеуден бас тартылды (25%).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ресми ақпарат аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде жарияланатынын хабарлайды.
Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы