Меню

Страницы

Статья

Туризм және сыртқы экономикалық байланыстар

Туризм

Батыс Қазақстан облысы туристік саланы дамыту үшін ең кең мүмкіндіктері бар аумақ бар.

Соңғы 5 жылда келу және ішкі туризмге келушілер санының 15% - ға артқаны байқалады. Алайда, елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылы келушілер саны 61,7% - ға, ал 2021 жылғы 3 тоқсанда 80,3 % - ға өсіп және 51,6 мың адамды құрады. Бүгінгі күні орналастыру орындарының саны 73 бірлікті құрайды, онда 1769 нөмір бар, бұл ретте біржолғы сыйымдылығы 3818 төсек-орын. Орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 1357,5 млн.теңгені құрады. Қонақ үйлердің толтырылуы 20%.

Анықтама: туризмге келушілер санының азаюы елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, бұл мемлекеттік шекараның жабылуына әкелді. Сондай-ақ, қала мен облыстың қонақ үйлерінде медицина қызметкерлерінің орналасуына байланысты бұл туризм нысандарының карантинге жабылуына әкелді.

Сондай-ақ, туризм саласында цифрландыруды дамыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Туризмді насихаттау мақсатында бірқатар туристік өнімдер ұсынылады: жаңартылған www.visit-uralsk.kz сайты, «облыс туризмінің 3Д картасы», туристік және киелі объектілер бойынша виртуалды турлар, қоғамдық орындарда орнатылған ақпараттық-туристік терминалдар, ауқымды іс-шараларда пайдаланылатын виртуалды промоутер, виртуалды дүңгіршек, облыстың және Орал қаласының туркартасы, туристік бағыттар және мұражайлар туралы трифолдерлер және т.б.

Аймақтағы туризмді дамыту мүмкіндіктерін көрсету, сондай-ақ туристік әлеуетті зерттеу үшін 27-ден астам туристік маршруттар дайындалды.

Туризм саласында 2021 жылы 140 жаңа жұмыс орнын құрумен 10,8 млрд. теңге сомасына 4 инвестициялық жоба іске асырылды:

- «Set Sail Park» демалыс орны (20 жұмыс орны);

- «Green Park»  демалыс аймағы 1 кезең (40 жұмыс орны);

- «Bavaro» демалыс орны (20 жұмыс орны);

- «Атамекен» концерт залы (60 адам);

2022 жылы 113 жаңа жұмыс орнын құрумен 4,7 млрд. теңге сомасына 4 инвестициялық жоба іске асырылды:

 - Теректі ауданында қонақ үй құрылысы;

- демалыс және су-ойын саябағын салу;

- ат спорт кешенін салу;

- Орал қаласында шолу дөңгелегінің құрылысы;

Сондай-ақ, 2022-2025 жылдары келесідей перспективалы жобаларды іске асыру жоспарланған: Ақсай қаласында Intercontinental Hotel Group-Holiday Inn халықаралық франшизасы бойынша қонақ үй салу, 4 жұлдызды қонақ үй кешенін салу, Шалқар көлінде туристік қызметті ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының Өңірлік туристификациялау картасының ТОП-50-іне енгізілген Хан ордасы музей-қорығының визит-орталығын салу (РБ-нен қаржыландыру).

2022 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған: «Қаңсонар-2022» құсбегілер турнирі, туризм саласындағы қызметкерлер (экскурсовод, гид) үшін оқыту семинарлар өткізу, шет мемлекеттер мен БАҚ өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізу, туризм саласын цифрландыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ішкі және келу туризмін ынталандыру мақсатында келесі қолдау шаралары енгізілді:

- СГТ ұстау бойынша шығындардың бір бөлігін субсидиялау (83300 тг);

- туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу (10%);

- туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу (25%);

- кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу (10%);

- әрбір интурист үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялару (15 000 тг);

- тау шаңғысы жабдықтарын сатып алу бойынша шығындарды өтеу (25%);

- Қазақстан Республикасының аумағында әуе көлігімен қоса алғанда 2 жастан 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жолаушыларды тасымалдау кезінде туристік өнімге енгізілген билет құнын субсидиялау (Kids Go Free).

 

 Сыртқы экономикалық байланыстар

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы мен бес Ресей Федерациясының шекаралас өңірлері арасында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Батыс Қазақстан облысының әлемнің барлық елдерімен және Кеден одағымен (ЕАЭО) сыртқы сауда айналымы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 31,2%-ға өсіп, 6,1 млрд. АҚШ долларын құрады.

Экспорттық жеткізілімдер 33,0%-ға өсіп, 5,2 млрд. АҚШ долларын, импорттық түсімдер 22,0% - ға өсіп, 901,6  млн. АҚШ долларын құрады.

Бүгінгі күні Германия Федеративтік Республикасы, Нидерланд Корольдігі, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Жапония, Беларусь Республикасы, Португалия, Литва, Италия және Эстония дипломатиялық корпустары өкілдерінің келесі сапарлары ұйымдастырылды.

Өңірлік және халықаралық 11-нан астам құжатқа қол қойылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты Ресей Федерациясының Волгоград, Саратов, Самара және Орынбор облыстарының губернаторларымен 4 онлайн кездесу өткізілді.

2021 жылғы 16-18 наурызда Саратов облысының делегациясы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Саратов және Батыс Қазақстан облыстары кәсіпкерлерінің бизнес-миссиясы және жоғары оқу орындары арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС мен В.И. Разумовский атындағы Саратов мемлекеттік медицина университеті арасында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және медицина саласында тәжірибе алмасу бойынша меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, Орал «Мақсат» медициналық колледжі мен В.И. Разумовский атындағы Саратов мемлекеттік медицина университеті арасындағы келісім.

Саратов облысы делегациясының сапарының қорытындысы бойынша 6 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында В.Разумовский атындағы Саратов мемлекеттік медицина университетінің Ресурстық орталығын ашу жобасы жүзеге асырылды.

8-9 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Жұмағалиев пен Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Карстенс бастаған Нидерланд компанияларының сапары ұйымдастырылды. Индустриялық аймақ аумағында «BroeikasUralsk» компаниясы голландиялық «VanDerHoeven» компаниясының қатысуымен ауданы 55 га жылыжай кешені құрылысының іргетасы қаланды.

Гимарайнш қаласындағы Қазақстан Республикасының құрметті консулының Фернандо Таня Виейра мен португалдық компаниялардың ресми сапарлары ұйымдастырылды. Сапар қорытындысы бойынша құс фабрикасының құрылысы жобасын және МЖӘ шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

30 қыркүйекте Мемлекет басшыларының қатысуымен ҚР-РФ XVII аймақаралық онлайн форумы аясында Самара облысының Үкіметімен іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

11-13 қазанда Батыс Қазақстан облысының делегациясымен Башқұртстан Республикасына сапары ұйымдастырылды. Сапар аясында өзара түсіністік туралы Меморандум мен жол картасына қол қойылды.

* СИМ, БҚО әкімдігі және Башқортстан Республикасы Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың трансшекаралық орталықтарын дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандум;

* Орал және Стерлитамак қалалары арасындағы жол картасы.

Сапар аясында Башқұртстан Республикасына құс етін және Батыс Қазақстан облысына 3,4 сұрыпты бидай жеткізу бойынша «Башбройлер» АҚ компаниясымен келісімшарттарға қол қойылды, Башқұртстан Республикасының сауда желілері («Байрам», «Полушка», «Лукошко», «Корзинка», «Малинка», «Аиф», «Альдо») үшін қызықты тауарлардың ассортименттері және Башқұртстан Республикасына тауарларды жеткізу логистикасы талқыланды, «ТехноТест» компаниясымен лизинг орталықтарын құру бойынша келіссөздер жүргізілді және басқалар.

ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Мәскеу қаласында өткен ҚР делегациясының жұмыс сапары аясында (құрамында БҚО әкімі қатысқан) 2021-2025 жылдарға арналған Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерін дамыту жөніндегі жол картасы қабылданды. Трансшекаралық Жайық (Орал) өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі бағдарламалар шеңберіндегі жұмысты үйлестіру мәселелері қаралды.

2022 жылдың наурызында Орынбор және Самара облыстары өкілдерінің қатысуымен 2 бизнес-миссия өткізілді. Бизнес – миссия аясында шекараласа аймақтардың, соның ішінде кәсіпкерлердің ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланды.

Бүгінгі таңда Астрахан облысының Үкіметімен 2022-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына, Беларусь Республикасының Минск облысымен ынтымақтастық туралы келісімге және 2022-2024 жылдарға арналған Орынбор облысымен Жол картасына қол қою мәселесі пысықталуда.

 «Евразия» шекаралық сауда орталығы жобасын жүзеге асыру мақсатында Башқұртстан Республикасының делегациясының Батыс Қазақстан облысына іссапары ұйымдастырылуда.

Дата публикации
12 апреля 2022
Дата обновления
12 апреля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

17 октября 2026
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
17 октября 2026
Теректі ауданы аумағындағы сайлау учаскелері
17 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы