Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес 2021 жылғы 9 қараша күні өзін-өзі ұсынумен: Шалқар ауылдық округі әкіміне кандидат Кенжегалиев Азамат Рыскалиевич аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Шалқар ауылдық округі әкіміне кандидаттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкестігін анықтайтын болады.
Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы