Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2021 жылдың 25 шілде күні Ақжайық, Ақсуат, Подстепное және Приречный ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімдерімен Ақжайық, Ақсуат, Подстепное және Приречный ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеді:
Ақжайық ауылдық округі бойынша – Қадыралиев Болат Александрұлы, 1975 жылы туылған, Ақжайық ауылдық округінің әкімі, Теректі ауданының Ақжайық ауылында тұрады, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.
Ақсуат ауылдық округі бойынша – Ахметов Жаннұр Бекбауұлы, 1986 жылы туылған, Подстепное ауылдық округінің бас маманы, Орал қаласында тұрады, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.
Подстепное ауылдық округі бойынша – Мадиев Сержан Салембайұлы, 1977 жылы туылған, Подстепное ауылдық округінің әкімі, Орал қаласында тұрады, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.
Приречный ауылдық округі бойынша – Жақсыбеков Мейрамбек Жақсыбекұлы, 1976 жылы туылған, Приречный ауылдық округінің әкімі, Теректі ауданының Приречный ауылында тұрады, «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды.
Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы