Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес2021 жылғы14 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Ақжайық, Ақсуат, Подстепное және Приречный ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Теректі ауданы бойынша барлығы 9 кандидат тіркелді, оның ішінде 4 (44,4%) - саяси партиямен, 5 (55,6%)- өзін-өзі ұсынғандар.
"NurOtan" саяси партиясымен 4 сайлау округі бойынша 4 кандидатура тіркелді.
Ағымдағы жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша 9 кандидат тіркелді (100%).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат 2021 жылғы 13 шілдедегі №28 аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде жарияланғанын хабарлайды.
Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы