Қазақстан Республикасының «Қазақстан республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес 2021 жылғы 5 шілде күні өзін-өзі ұсынумен: Ақжайық ауылдық округі әкіміне кандидаттар Бисенов Бектас Бересович және Шайхин Асыланбек Амангалиевич аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақжайық ауылдық округі әкіміне кандидаттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкестігін анықтайтын болады.
Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы