Меню

Страницы

Статья

ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 Теректі ауылы                                   № 10                       2026 жылғы 13 қазан

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

 Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабына, 26-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98, №60/99,   қаулыларына сәйкес Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.
  2. Күнтізбелік жоспар сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін ауданның округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін.
  3. Округтік және учаскелік сайлау комиссиларының жұмыс кестесі 09:00-ден 18:30-ға дейін үзіліссіз және демалыссыз болып бекітілсін.
  4. Осы қаулы Теректі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау төраға орынбасары Д.Мендыбаевқа жүктелсін.

Төраға                                       А.Бисенгалиев

Хатшы                                       Н.Кәдірғалиев

 

 

Дата публикации
13 октября 2026
Дата обновления
13 октября 2026
Тип

Сейчас читают

17 октября 2026
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
17 октября 2026
Теректі ауданы аумағындағы сайлау учаскелері
17 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы