ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Теректі ауылы № 3 2026 жылғы 27 мамыр
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданының Шағатай ауылдық округі әкімінің
сайлауын 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2 - тармақтарына сәйкес Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шағатай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалсын.
- 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Шағатай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Теректі ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға А.Бисенгалиев
Хатшы Н.Кәдірғалиев