ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АҚСОҒЫМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5 бабына сәйкес 2025 жылғы 30 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Ақсоғым ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталатынын хабарлайды:
Теректі ауданы Ақсоғым сайлау округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, 1-уін «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Теректі аудандық филиалы ұсынды, 2-уі өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылғы 25 наурыздағы сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (100%).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2025 жылғы 01 сәуірдегі №14 аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде жарияланатынын хабарлайды.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы