Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 20 наурыз күні Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
1.Ахметов Азамат Советович, 1989 жылы туған, «Аңқаты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Теректі ауданы, Аңқаты ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
2.Биалиева Айгуль Бериккалиевна, 1981 жылы туған, «Богдановка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Теректі ауданы, Богдановка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
3.Ерсайнов Жалгас Нурланович, 1993 жылы туған, «Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі, Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Теректі аудандық филиалы ұсынды.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы