ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНДА ШАҒАТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес 2022 жылғы 09 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде Шағатай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Теректі ауданы бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3-еуі өзін-өзі ұсынғандар, 1-еуін «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық филиалы ұсынды.
3 (75%) кандидаттың сәйкес келетіндігі, 1 (25%) кандидаттың сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы