Меню

Страницы

Статья

Теректі ауданының 2021 жылғы қаңтар- наурыз айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Теректі ауданының 2021 жылғы қаңтар- наурыз айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Аудан 1933 жылы құрылды, аумағы – 8,0 мың шаршы шақырым.

2021 жылғы 1 наурыздың  жағдай бойынша халық саны 38,319 мың адамды құрады.

Ауданда 15 ауылдық округ, 49 ауылдық елді мекен бар.

 

Теректі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж. қаңтар-наурыз

2021 ж. Қаңтар-наурыз  пайызбен 2020 ж. Қаңтар- наурыз

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге

 

5056,0

 

3220,9

 

3614,9

 

1059,3

101,6

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

13804,2

17588,7

20789,8

1820,4

100,4

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі, млн. теңге

6724,7

9885,3

10 903,5

642,9

169,2

Орташа айлық  еңбекақы, теңге

90105

110305

133850*

133850*

121,3*

 

*- 2020 жылғы қаңтар - желтоқсандағы

 

Теректі ауданының 2021 жылғы қаңтар- наурыз айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі  1059,3 млн. теңге құрады, ол нақты көлемінің индексі (бұдан былай (НКИ) бойынша 2020 жылдың қаңтар- наурызмен салыстырғанда 1,6% көбейді (НКИ – 101,6 %). Тамақ өнімдерін, өсімдік майларын өндіру көлемінің болмауы өнеркәсіп өнімінің ұлғаюы себеп  болды.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі  1820,4 млн. теңге құрады, бұл 2020 жылдың қаңтар-наурыз  деңгейінен 0,4%-ға (НКИ) көп.

1174,7 тонна ет өндірілді немесе 2020 жылдың қаңтар-наурыз   деңгейіне  103,1 %, сүт – 3256,7 тонна (88,5%), жұмыртқа – 1202,2 мың дана (101,2%).

2021 жылдың 1 сәуіріне мүйізді  ірі қара мал саны 55,350 мың бас, немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 106,7% құрады, соның ішінде сиыр – 21,728 мың бас (112,6%), қой – 65,433 мың бас (100,8%), ешкі – 11,819 мың бас (104,4%), жылқы – 14,876 мың бас (114,6%), шошқа – 2,670 мың бас (93%), құс – 47,416 мың бас (102,2%).

 

Инвестициялық қызмет

Негізгі капиталға инвестициялар  642,9 млн. теңге құрады немесе 2020 жылдың тиісті кезең деңгейінен 169,2 % көп. Оның ішінде 384,0 млн.теңге кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаты есебінен инвестициялардың жалпы  көлемінің құрады.

Тұрғын үй салуға инвестиция көлемі  417,0 млн. теңге құрады, немесе  1,3 есе көбейді,  4199 ш.м. тұрғын үй енгізілді,  бұл 2020 жылдың қаңтар- наурыз  айының деңгейіне  108,7% құрады.

 

Тауар айналымы

Бөлшек сауда көлемі – 473,4 млн.теңге құрады. 2020 жылғы қаңтар-наурыз  айымен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі 17,9 % азайды.

 

Кәсіпкерлік

2021 жылғы 1 сәуір  жағдайы бойынша ауданда 1658 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінен 2,9%-ға көп. Олардың 1403 жұмыс істейді немесе тіркелгендер санының 84,6 %-ы.

Шағын кәсіпкерлік саласында 3565 адам жұмыс істейді, бұл 2020 жылдың 1 сәуір деңгейінен 0,8 %-ға аз.

Ауданның шағын бизнес субъектілері 3801,3 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, жұмысын атқарып, қызметін көрсетті, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурызымен салыстырғанда 1,7 есеге көбейді.

2020 жылғы 1  сәуір жағдайына ауданда 137 қызметкер санымен 3 шағын цех тіркелді және  жұмыс істейді. Шағын цехтардың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірісінің көлемі 524,5 млн. теңге құрады, бұл 2020 жылдың қаңтар-наурыз кезеңінен 1,2 есеге көбейді көп.

 

Қаржы

2021 жылғы 1 сәуіріне мемлекеттік  бюджетке 678,6 млн. теңге жиналды, соның ішінде жергілікті  бюджетке – 470,4 млн. теңге. (болжамға 119,5 %, 2020 жылдың қаңтар-наурыз деңгейіне –131,1%).

 

Еңбек рыногы

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 3,5 % құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезең деңгейінен 0,3 пайыздық пунктке жоғары.

2021 жылғы 1 сәуіріне жағдайы бойынша жұмыссыздар саны 757 адамды құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезең деңгейінен 1,1 есе көп,       кедейлік  деңгейінен төмен тұратындар саны –  994 адам, бұл 2020 жылдың қаңтар-наурыз  айының деңгейіне  70,4 % құрады (418 адамға аз).

Жұмыспен қамту қызметі арқылы 376 адам жұмысқа орналасты, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурыз  деңгейінен 18,6 %-ға  көп.

2020  жылғы қаңтар- желтоқсанына  айлық  еңбекақы 21,3%-ға  көбейіп, 133850   теңге құрады.

 

Денсаулық сақтау

Мемлекеттік денсаулықты сақтау желі құрамына заңды тұлға емес 6 дәрігерлік амбулатория, 6 ФАП, 31 медициналық пункт кіретін 2 аудандық аурухана кіреді.

 

Білім беру

Білім беру желісін 37 жалпы білім беретін мектеп (6,277 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын 21 мектеп (3,284 мың оқушы). 296 оқушыға арналған 6 мектеп жанындағы интернат бар.

Колледж (190 оқушы), 16 балабақша, 25 шағын орталық (1467 бала) және 3 қосымша білім беру мекеме (1702 бала) жұмыс істейді.

 

Мәдениет

34 кітапхана, 22 мәдени-демалыс ұйымы, 5 киноқондырғы жұмыс істейді.

 

Қылмыс

52 қылмыс тіркелді, бұл 2020 жылдың қаңтар- наурыз  айының деңгейіне 100% құрады.

 

Ауданның әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша 2021 жылдың қантар- наурыз айына оң динамика байқалады:

-  өнеркәсіп өнімінің көлемі   1,6 %  қөбейді;

-  ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі  0,4 % қөбейді;

- негізгі капиталға инвестиция көлемі былтырғы көрсеткішке – 169,2% құрады;

-  ауданның шағын бизнес субьектілерінің өнімдерін өндіру 74,4 % көбейді.

 

Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының оң тенденциясына қарамастан кейбір көрсеткіштер бойынша кері кетушілік байқалады:

-  бөлшек сауда көлемінің нақты индексі – 17,9% азайды;

-  жұмыссыздар саны 1,1 есеге көбейді.

Дата публикации
02 июня 2020
Дата обновления
11 января 2021
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

17 октября 2026
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
17 октября 2026
Теректі ауданы аумағындағы сайлау учаскелері
17 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы