Шаған ауылдық округі әкімін тіркеу туралы Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 3- тармақтарына сәйкес 2023 жылдың 2 шілде күні Шаған ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 04 шілдедегі №60 шешімімен Шаған ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Исеев Ербол Байжанович, 1989 жылы туған, «Подстепное ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа Өмір ауылы, Абай көшесі, 1 үйі 1 пәтерде тұрады, өзін-өзі ұсынды.
А.Бисенгалиев,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы