2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Богдановка ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Богдановка сайлау округін құру туралы

ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

   Теректі ауылы                           № 75                     2023  жылғы 16 тамыз

2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданының  Богдановка ауылдық округі әкімін

сайлау жөнінде Богдановка сайлау округін құру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының  14-бабының  6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2023 жылғы 13 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Богдановка ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Богдановка ауылдық округі аумағының шекарасында – Богдановка сайлау округі құрылсын.
  2. Осы шешім аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық - саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                  А.Бисенгалиев

 

 

Дата публикации
26 января 2026