ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ПОДСТЕПНОЕ ЖӘНЕ ШАЛҚАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІ ӘКІМДЕРІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес 2023 жылғы 07 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Подстепное және Шалқар ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын хабарлайды:
Подстепное сайлау округі бойынша:
Теректі ауданы бойынша барлығы 4 кандидат ұсынылды, 1-уі «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық филиалы ұсынды, 3-уі өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылғы 07 мамырдағы сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (75%), 1 кандидатты тіркеуден бас тартылды (25%);
Шалқар сайлау округі бойынша:
Теректі ауданы бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, 1-уі «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық филиалы ұсынды, 2-уі өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылғы 07 мамырдағы сағат 18:00 жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (100%).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ресми ақпарат 2023 жылғы 9 мамырдағы №20 аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде жарияланатынын хабарлайды.
А.Бисенгалиев,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы