Теректі ауданының 2025 жылғы қаңтар-қазан айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Теректі ауданының 2025 жылғы қаңтар-қазан айына

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

         Аудан әкімі Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы, 2023 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді.

 Аудан 1933 жылы құрылды, аумағы – 8,0 мың шаршы шақырым.

2025 жылғы 1 қазанға  жағдай бойынша халық саны 38,246 мың адамды құрады.

Ауданда 15 ауылдық округ, 49 ауылдық елді мекен бар.

Теректі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының
негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер 2022ж. 2023 ж. 2024 ж. 2025ж. қаңтар- қазан 2025ж. қаңтар- қазан пайызбен 2024 ж. қаңтар-  қазан
Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге
6995,5

6 044,6
11674,2 14 061,6 130,3
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге 31096 30 096,7 28 290,3 29 831,7 79,1
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі, млн. теңге 11569,8 20 047,5 45 334,3 31 149,6     97,9
Орташа айлық  еңбекақы, теңге  195 400  214 965  241 621  273 387* 113,1*

*- 2025 жылғы қаңтар - маусымына

 

Теректі ауданының 2025 жылғы қаңтар- қазан айына

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Өнеркәсіп

       Өнеркәсіп өндірісінің көлемі  14 061,6 млн. теңге құрады, ол нақты көлемінің индексі (бұдан былай (НКИ) бойынша 2024 жылдың қаңтар- қазанымен салыстырғанда 1,3 есе көп (НКИ – 130,3 %).

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 29 831,7 млн. теңге құрады, бұл 2024 жылдың қаңтар- қазан  деңгейінен 20,9%-ға (НКИ) аз.

         4 793,0 тонна ет өндірілді немесе 2024 жылдың қаңтар- қазан  деңгейіне  101,6 %, сүт – 26 242,1 тонна (105,0%), жұмыртқа – 4 633,5 мың дана (105,4%).

         2025 жылдың 1 қарашасына мүйізді  ірі қара мал саны 58,740 мың бас, немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 98,6 % құрады, соның ішінде сиыр –  29,358 мың бас (105,5%), қой – 63,886 мың бас (101,8%), ешкі – 6,184 мың бас (85,8%), жылқы – 16,549 мың бас (102,2%), шошқа – 0,640 мың бас (49,3%), құс – 45,705 мың бас (100,4%).

 

Инвестициялық қызмет

Негізгі капиталға инвестициялар  31 149,6 млн. теңге (2024 ж.- 29 568,9 млн.т.)  құрады немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен  97,9 % құрады. Оның ішінде 9 899,2 млн.теңге (2024 ж.- 4 659,3 млн.т.)   кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаты есебінен инвестициялар, немесе инвестициялардың жалпы  көлемінің 31,8% және өткен жылдың тиісті кезеніне 212,4%.

Бюджет қаражаты-  18 012,2  млн.тенге (2024 ж.- 22 082,1 млн.теңге), бұл жалпы көлемінің  57,8 % және өткен жылдың тиісті кезеніне 81,5 %.

       Басқа да қарыз қаражаты–3 238,1  млн.тенге (2024ж.- 2 827,5 млн.теңге), бұл жалпы көлемінің 10,4% және өткен жылдың тиісті кезеніне 1,1 есе көп .

       Тұрғын үй салуға инвестиция көлемі  5 549,8 млн. теңге құрады (2024 ж.- 2 707,3  млн.т.), немесе 201,2%  көбейді,  19 248 ш.м., тұрғын үй енгізілді (2024 ж.- 25 666 ш.м.),  бұл 2024 жылдың қаңтар- қазан  айының деңгейіне  75,0% құрады.

Тауар айналымы

         Бөлшек сауда көлемі – 5 157,8 млн.теңге құрады. 2024 жылғы қаңтар- қазан айымен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі 102,1% құрады.

 Кәсіпкерлік

         2025 жылғы 1 қараша  жағдайы бойынша ауданда  2 249 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 0,3%-ға көп. Олардың 2134 жұмыс істейді немесе тіркелгендер санының 94,9 %-ы.

         Шағын кәсіпкерлік саласында 4462  адам жұмыс істейді, бұл 2024 жылдың 1 қараша  деңгейінде.

Ауданның шағын бизнес субъектілері  54 592,8 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, жұмысын атқарып, қызметін көрсетті, бұл 2024 жылғы қаңтар- қазанымен салыстырғанда 15,3%  көбейді.

 Қаржы

          2025 жылғы 1 қараша  мемлекеттік  бюджетке 6 724,6 млн. теңге жиналды, соның ішінде жергілікті  бюджетке – 5 229,9 млн. теңге. (болжамға 168,3  %, 2024 жылдың қаңтар- қазан  деңгейіне –175,2%).

 Еңбек рыногы

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,3% құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен 0,6 пайыздық  пунктке жоғары.         

2025 жылғы 1 қараша  жағдайы бойынша жұмыссыздар саны  865 адамды құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен 3,6 % көбейді,       кедейлік  деңгейінен  төмен тұратындар саны –  392 адам, бұл 2024 жылдың қаңтар- қазан айының деңгейіне  65,6% құрады (206 адамға аз).

Жұмыспен қамту қызметі арқылы 1457 адам жұмысқа орналасты, бұл 2024 жылғы қаңтар- қазан  деңгейінен 6,4 %-ға  көп.

2025  жылғы қаңтар-қыркүйегіне  айлық  еңбекақы 13,1%-ға көбейіп,      273 387 теңге құрады. 

 

Денсаулық сақтау

Мемлекеттік денсаулық сақтау желісі 1 аудандық аурухана  мен Ақжайық ауылындағы аурухананың филиалымен ұсынылған, оның құрамына заңды тұлға емес 6 дәрігерлік амбулатория, 6 ФАП, 27 медициналық пункт  кіреді.

 Білім беру

Білім беру желісін 35 жалпы білім беретін мектеп (5,797 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын 19 мектеп (3,842 мың оқушы). 106 оқушыға арналған 5 мектеп жанындағы интернат бар.

Колледж (161 оқушы), 17 балабақша, 19 шағын орталық (1909 бала) және 3 қосымша білім беру мекеме (1567 бала) жұмыс істейді.

Мәдениет

         34 кітапхана, 22 мәдени-демалыс ұйымы, 5 киноқондырғы жұмыс істейді.

        Ауданның әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша 2025 жылдың  10   айына оң динамика байқалады:

     -  өнеркәсіп өнімінің көлемі   1,3 есе көбейді;

     - ауданның шағын бизнес субьектілерінің өнімдерін өндіру 15,3% көбейді;       

     -  бөлшек сауда көлемінің нақты индексі –102,1% құрады; 

     -  жұмысқа орналасқан саны 6,4 %  көбейді.

  Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының оң тенденциясына қарамастан кейбір көрсеткіштер бойынша кері кетушілік байқалады:

     - негізгі капиталға инвестиция көлемі былтырғы көрсеткішке – 97,9% құрады; 

     -  ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі  20,9 %  азайды;

     -  жұмыссыздар саны  103,6 %  құрады.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 ноября 2025