«Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ-сінің 2025 жылдың 1 қазанына атқарылған жұмыстары
туралы ақпарат.
Атаулы әлеуметтік көмек
2025 жылдың 1 қазанына аудан бойынша кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың жалпы саны 364 адам (70 отбасы), бұл халықтың жалпы санынан 0,9%-ын құрайды. (2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың саны 516 адам (99 отбасы) құрады немесе 29,3 % отбасы саны төмендеді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша 2025 жылға 135934,0 мың теңге (РБ -60556,0 мың теңге, ОБ – 46942,0 мың теңге, ЖБ –28436,0мың теңге.) бөлінді. Соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін 124992,0 мың теңге (РБ -60556,0 мың теңге, ОБ – 36000,0 мың теңге, ЖБ – 28436,0 мың теңге) және балаға ай сайынғы қосымша төлемді ету үшін облыстық бюджеттен 10942,0 мың теңге қаражат бөлінді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап 69 отбасы 364 адамға 24636,4 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде 12 отбасы 61 адамға 7729,1мың теңге шартсыз ақшалай көмек және 57 отбасы 303 адамға 16907,3 мың теңге шартты ақшалай көмек төленді. (2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 98 отбасы 508 адамға 32919,8 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді, оның ішінде 19 отбасы 88 адамға 8043,8 мың теңге шартсыз ақшалай көмек және 79 отбасы 420 адамға 24876,0 мың теңге шартты ақшалай көмек төленді).
Шартты ақшалай көмек алушылар бойынша 57 отбасымен (303 адам) әлеуметтік келісімшарт жасалып, соның ішінде, 82 адам еңбекке қаблетті, оның 50 адамы жұмыс жасап жүргендер болса 9 адам (4 адам тұрақты жұмысқа, 3 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 адам жастар тәжірибесіне жолданды және 1 адам мемлекеттік грант) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар. АӘК алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған үлесі 2025 жылға жоспар - 78%, бүгінгі таңда орындалуы 71,9% құрайды. (2024 жылы 79 отбасымен (420 адам) әлеуметтік келісімшарт жасалып, соның ішінде, 126 адам еңбекке қаблетті, оның 79 адамы жұмыс жасап жүргендер болса 18 адам (6 адам тұрақты жұмысқа, 6 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмыс орыныны, 1 адам жастар тәжірибесіне жолданды және 4 адам мемлекеттік грант алды) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар. АӘК алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған үлесі 2024 жылға жоспар- 77,5%, орындалуы 78,6% құрады).
Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі 110 балаларға (56 отбасы) ай сайынғы қосымша төлемі тағайындалып, 3833,7 мың.теңге қаражат төленді (1,5 АЕК=5898теңге). (2024 жылы 151 балаларға (75 отбасы) 4951,0 мың.теңге қаражат төленді (1,5 АЕК=5538 теңге).
Аудан бойынша 2025 жылы ұйымдар мен кәсіпорындармен көрсетілген барлық көмектер 133 адамға 1231,0 мың теңге көлемінде көрсетілді. (2024 жылы 505 адамға 14440,0 мың теңге көлемінде көрсетілді).
Жекелеген санаттарға арналған әлеуметтік көмектер
Теректі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы №14-1«Теректі ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мен тәртібі туралы» шешіміне сәйкес 25 отбасына 496,1 мың.теңге қаражат жергілікті бюджеттен төленді.
Теректі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы №25-2 «Теректі ауданында жеке оқыту жоспары мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне сәйкес, үйден оқитын 22 мүгедектігі бар балаларға 1972,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
2024 жылдың 26 желтоқсандағы қазандағы желтоқсандағы №20,4 маслихат шешіміне сәйкес «Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, атаулы мен мереке күндеріне және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 1014 азаматқа 64891,0 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
2023 жылдың 17 қазандағы желтоқсандағы «Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №8-3 маслихат шешіміне сәйкес атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді:
15 ақпан - Ауғанстан аумағынан Совет әскерлерін шығару күніне орай, ауған соғысының 21 қатысушысы мен мүгедектеріне 100,0 мың теңгеден және қайтыс болған әскери қызметшінің отбасына 60,0 мың теңге, жалпы 22 адамға 2160,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
9 мамыр - ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге және соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жалпы саны 269 адамға жергілікті бюджеттен 17950,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмектер көрсетілді.
Сонымен қатар, биыл, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерекесін тойлау қарсаңында, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлері (4 адам) және тыл ардагерлеріне (139 адам), жалпы саны 142 адамға 80 жылдық мерекелік медальдар табысталды.
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жалпы 167 адамға 3340,0 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді .
Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау
Аудан бойынша барлығы 1261 мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде І топ – 148, ІІ топ – 404, ІІІ топ – 562, 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар- 44, 7-18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 103.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283, 286, 287, 288 бұйрықтарына сәйкес жыл басынан абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 88 мүгедектігі бар адам 263 міндетті гигиеналық құралдармен, протез-ортопедиялық 40 мүгедектігі бар адам 69 құралдармен, тифлотехниқалық құралдарымен 17 мүгедектігі бар адам 76 құралдарымен, сурдотехникалық құралдарымен 3 мүгедектігі бар адам 8 құралдарымен, кресло арба – 19 мүгедектігі бар адам 24 кресло арбамен қамтылды, санаторийліқ курорттық емделуге 90 тапсырыс қабылданып, бүгінгі танда 73 мүгедектігі бар адам демалып келді, 9 мүгедектігі бар адам жеке көмекші және 6 мүгедектігі бар адам ымдау тілі маманның қызметін алуда.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау әлеуметтік қолдаудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ауданда бірқатар оңалту шаралары өткізілуде, соның ішінде «Инватакси» қызметі көрсетілуде.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша Көру мүшесі зақымдалған мүгедектер қоғамдық бірлестігінің «Орал» корпоративтік қорымен 2025 жылға келісім шарт жасалып, ауданда 4 «Инватакси» ауданда 4 «Инватакси» автокөлігі арқылы 1 топ көзі нашар көретін, гемодиализ аппаратын пайданалатын 1 топ мүгедектігі бар адамдар және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тасымалдау жұмыстары жүзеге асырылуда. «Инватакси» қызметін 68 (15-ересектер, 53- балалар) мүгедектігі бар адамдар пайдаланып, әлеуметтік маңызы бар объектілерге жеткізу бойынша 1988 сапарлар орындалды. Осы қызметті көрсету үшін 2025 жылға жергілікті бюджеттен 10603,0 мың теңге қаражат бөлініп, 10603,0 мың теңге игерілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында ««Арба» тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек-азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігімен 2025 жылға келісім шарт жасалып, ауданда 1 «Инватакси» автокөлігі арқылы арнаулы жүріп-тұру құралдармен пайданалатын мүгедектігі бар адамдар және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тасымалдау жұмыстары жүзеге асырылуда. «Инватакси» қызметін 3 мүгедектігі бар балалар пайдаланып, 6 сапарлар орындалды. Осы қызметті көрсету үшін 2025 жылға жергілікті бюджеттен 1884,3 мың теңге қаражат бөлініп, 145,8 мың теңге игерілді.
Жыл басынан мансап орталығы арқылы 20 мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналасты.
2025 жылдың 07 ақпандағы «Батыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылға жұмыс мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №26 қаулысына сәйкес Теректі аудан бойынша екі жұмыс орындары арналып, бекітілді. Бүгінгі таңда «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не күзетші ретінде бір мүгедектігі бар адам және «Покатиловка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-не еден жуушы ретінде бір мүгедектігі бар адам барлығы екі адам жұмысқа орналастырылды.
Жаңа жұмыс орындары туралы
2025 жылдың 1 қазанына аудан бойынша экономиканың барлық салаларында ашылған жаңа жұмыс орындарының саны 953 (жоспар 976 ж.ж.о.), оның ішінде ауылшаруашылығында – 88, өнеркәсіп – 0, құрылыс – 58, көлік және қоймалауда – 59, саудада – 168, білім беруде - 34, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер - 3, басқа салаларда – 131 уақытша және маусымдық орындар – 412 жаңа жұмыс орындары құрылып отыр. Жоспардың орындалуы 97,6 % құрайды.
(2024 жылдың 1 қазанына аудан бойынша экономиканың барлық салаларында ашылған жаңа жұмыс орындарының саны 982 (жоспар 970 ж.ж.о.), оның ішінде ауылшаруашылығында – 140, өнеркәсіп – 0, құрылыс – 15, көлік және қоймалауда – 39, саудада – 179, білім беруде - 2, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер - 0, басқа салаларда – 161, уақытша және маусымдық орындар –446 жаңа жұмыс орындары құрылып отыр. Жоспардың орындалуы 101,2% құрайды).
Үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығына сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы, аудан бойынша үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталыгында 3 бөлімшесі бар, оның екі бөлімшесі қарттар мен мүгедектер, үшіншісі аралас бөлімше (мүгедек балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектер және жалғызбасты қарттар мен 1,2 топ мүгедектігі бар жандар). Орталықта қазіргі таңда 54 әлеуметтік қызметкер 229 қамқорланушыға (3 мүгедектігі бар бала, 206 жалғызбасты қариялар мен 7 жалғыз басты мүгедектігі бар жандарға және 13 адам он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектігі бар адамдарға)қызмет көрсетіп отыр.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52 әлеуметтік қызметкердің қызметінде 222 қамқорланушыға (5 мүгедектігі бар бала, 199 жалғызбасты қариялар мен 6 жалғыз басты мүгедектігі бар жандарға және 12 адам он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектігі бар адамдарға) қызмет көрсетілді.
Бөлім басшысы А.Тасенова
Орындаған: А.Лукпанова
Тел: 8711(32)21691