Теректі ауданының 2025 жылғы қаңтар-тамыз айына
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Аудан әкімі Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы, 2023 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді.
Аудан 1933 жылы құрылды, аумағы – 8,0 мың шаршы шақырым.
2025 жылғы 1 тамызына жағдай бойынша халық саны 38,311 мың адамды құрады.
Ауданда 15 ауылдық округ, 49 ауылдық елді мекен бар.
Теректі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының
негізгі көрсеткіштері
|
Көрсеткіштер |
2022ж. |
2023 ж. |
2024 ж. |
2025ж. қаңтар-тамыз |
2025ж. қаңтар- тамыз пайызбен 2024 ж. қаңтар- тамыз |
|
Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге |
6995,5 |
6 044,6 |
11674,2 |
11 487,3 |
154,3 |
|
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге |
31096 |
30 096,7 |
28 290,3 |
18 617,0 |
107,7 |
|
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі, млн. теңге |
11569,8 |
20 047,5 |
45 334,3 |
18 824,1 |
112,7 |
|
Орташа айлық еңбекақы, теңге |
195 400 |
214 965 |
241 621* |
276 172* |
110,4* |
*- 2025 жылғы қаңтар - маусымына
Теректі ауданының 2025 жылғы қаңтар-тамыз айына
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 11 487,3 млн. теңге құрады, ол нақты көлемінің индексі (бұдан былай (НКИ) бойынша 2024 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 1,5 есе көп (НКИ – 154,3 %).
3 779,2 тонна ет өндірілді немесе 2024 жылдың қаңтар-тамыз деңгейіне 99,8 %, сүт – 23 952,5 тонна (105,0%), жұмыртқа – 3 978,7 мың дана (105,1%).
Тұрғын үй салуға инвестиция көлемі 3 580,2 млн. теңге құрады(2024 ж.- 1 629,1 млн.т.), немесе 215,9% көбейді, 14 225 ш.м., тұрғын үй енгізілді (2024 ж.- 22 334 ш.м.), бұл 2024 жылдың қаңтар-тамыз айының деңгейіне 63,7% құрады.
Тауар айналымы
Бөлшек сауда көлемі – 4 360,8 млн.теңге құрады. 2024 жылғы қаңтар-тамыз айымен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі 101,7% құрады.
Қаржы
2025 жылғы 1 қыркүйек мемлекеттік бюджетке 5 581,3 млн. теңге жиналды, соның ішінде жергілікті бюджетке – 4 174,9 млн. теңге. (болжамға 179,8 %, 2024 жылдың қаңтар-тамыз деңгейіне –167,0%).
Еңбек рыногы
Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 3,7% құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен 0,3 пайыздық пунктке жоғары.
2025 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша жұмыссыздар саны 731 адамды құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен 4,1 % азайды, кедейлік деңгейінен төмен тұратындар саны – 364 адам, бұл 2024 жылдың қаңтар-тамыз айының деңгейіне 71,7% құрады (144 адамға аз).
Жұмыспен қамту қызметі арқылы 806 адам жұмысқа орналасты, бұл 2024 жылғы қаңтар-тамыз деңгейінен 9,5 %-ға көп.
2025 жылғы қаңтар-маусымына айлық еңбекақы 10,4%-ға көбейіп, 276 172 теңге құрады.
Денсаулық сақтау
Мемлекеттік денсаулықты сақтау желі құрамына заңды тұлға емес 6 дәрігерлік амбулатория, 6 ФАП, 27 медициналық пункт кіретін 2 аудандық аурухана кіреді.
Білім беру
Білім беру желісін 35 жалпы білім беретін мектеп (6,582 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын 19 мектеп (3,366 мың оқушы). 94 оқушыға арналған 5 мектеп жанындағы интернат бар.
Колледж (183 оқушы), 17 балабақша, 20 шағын орталық (1853 бала) және 3 қосымша білім беру мекеме (1538 бала) жұмыс істейді.
Мәдениет
34 кітапхана, 22 мәдени-демалыс ұйымы, 5 киноқондырғы жұмыс істейді.