ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 25 сәуір күні Долин ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Буранбаев Асылбек Бахтибаевич, 1987 жылы туған, «Аңқаты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Теректі ауданы, Аңқаты ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Манатауов Талгат Бисенгалиевич, 1962 жылы туған, Долин ауылдық округінің әкімі, Теректі ауданы, Долин ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Теректі аудандық филиалы ұсынды;
- Нурушева Айнур Бахитжановна, 1989 жылы туған, «Теректі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, Теректі ауданы, Подстепное ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы