Теректі аудандық мәслихатының ШЕШІМІ

Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Теректі ауданы бойынша 2025-2029

жылдарға арналған

жайылымдарды басқару және

оларды пайдалану жөніндегі

жоспарды бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»және 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңдарына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Теректі ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.
  2. Теректі аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Б.Кенжегулов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

                         

Сессия төрағасы                                                                

 Аудандық

мәслихат хатшысы                                            Ә.Нұрғалиев

 

Дата публикации
15 апреля 2025