ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Теректі ауылы № 3 2024 жылғы 23 қазан
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданының Құмақсай ауылдық округі әкімінің
сайлауын 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2 - тармақтарына сәйкес Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Құмақсай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалсын.
- 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Құмақсай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Теректі ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы аудандық «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Теректі ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Бисенгалиев