2024 жылдың 7 шілде күні Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3) тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады:
Ақсуат сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1806 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 734 сайлаушы дауыс берген.
Әр үміткерге берілген дауыс саны:
К.А.Адильхановқа – 592; М.Т.Кубашевқа – 13; С.М.Нуменовқа - 26 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 18; жарамсыз бюллетеньдер саны - 85.
Адильханов Кайрат Алтайевич, 1978 жылы туған, жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Пойма ауылы, М.Маметова көшесі 7/2 үйінде тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Теректі аудандық филиалы ұсынды, Ақсуат ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы